FIFA футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жаңа рейтингті жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Себебі, коронавирус инфекциясына байланысты әлемнің барлық құрамалары ешқандай ойын өткізген жоқ. Халықаралық деңгейдегі кездесудің барлығы кейінге шегерілді. Кейбірі мүлдем өткізілмейтін болып шешілді.
Жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан құрамасы 118-орында тұр. Бельгия командасы көш бастаса, Франция – екінші, Бразилия үшінші орында тұр.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы 2020 жылдың 3 қыркүйегі мен 17 қарашасы аралығында UEFA Ұлттар лигасының С дивизионында төртінші топта Албания, Беларусь және Литва құрамаларымен кездесу өткізеді. FIFA рейтингісінде Албания - 66, Беларусь - 87, Литва – 131-орында.