ФИФА ұлттық құрамалар арасында қыркүйек айының жаңа рейтингін жариялады

642

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151 ұпай бар. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарланды ҰОК сайтында.

ФИФА ұлттық құрамалар арасында қыркүйек айының жаңа рейтингін жариялады

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең тарқасты.

Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) түр. Екінші орында Бразилия (1811) болса үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді.

ФИФА рейтингі (16.09.2021):

1. Бельгия – 1832 ұпай

2. Бразилия – 1811

3. Англия – 1735

4. Франция – 1754

5. Италия – 1735

6. Аргентина – 1725

7. Португалия – 1674

8. Испания – 1673

9. Мексика – 1666

10. Дания – 1658

27. Украина – 1520

55. Финляндия – 1407

57. Босния және Герцеговина – 1405

119. Нигер – 1156

120. Казақстан – 1151

121. Жаңа Зеландия – 1149.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу