АҚШ-та тағы бір ұшақ құлап, ешкім тірі қалмады

716

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Learjet 55 медициналық ұшағының құлауынан 7 адам (6 адам ұшақ ішінде, 1 адам жерде) қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ-та тағы бір ұшақ құлап, ешкім тірі қалмады Фото: apnews.com

Ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлағандықтан 19 адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілген.

Learjet 55 ұшағы Мексикаға бет алған. Ұшақ ішінде емделіп үйіне қайтып бара жатқан науқас пен оның анасы болған. Қалғаны 2 ұшқыш, дәрігер және фельдшер. Бәрі Мексика азаматы.

Ұшып шыққанына 30 секунд болған ұшақ 487 метрге ғана көтеріліп үлгерген.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу