Филиппин басшысының қызы президенттікке үміткер болудан бас тартты

777

Сонымен қатар ол вице-президент лауазымына да өз кандидатурасын ұсынбайтын болды.

Филиппин басшысының қызы президенттікке үміткер болудан бас тартты

Филиппиннің қазіргі президент Родриго Дутертенің қызы Сара Дутерте 2022 жылы болатын сайлауда президенттік пен вице-президенттікке үміткер болудан бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Sunstar сайтына сілтеме жасап.

"Ия, мен жоғары мемлекеттік лауазымға таласпаймын, өйткені әкеміз екеуміз  біздің отбасыдан тек бір адам 2022 жылғы сайлауға қатысады деп келістік", – деді Сара Дутерте.

Ол Филиппинің болашағына қатысты көзқарасы әкесінікімен бірдей дегенді айтты. 8 қыркүйекте Родриго Дутерте Филиппин Демократиялық партиясының съезінде келесі сайлауда өзінің кандидатурасын вице-президенттікке ұсынатынын ресми түрде жариялады.

Сара Дутерте – Минданао аралындағы Давао қаласының мэрі. Оған дейін қаланы Родриго Дутерте 22 жыл басқарды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу