Осы мәселені шешу үшін ел үкіметі бірнеше жасанды арал салуды жоспарлауда. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Жоба бойынша, ауданы 90 шаршы шақырымды құрайтын аралдар салынады. Бұл дегеніңіз Вашингтон қаласы ауданының жартысынан сәл үлкенірек.
Аралда әуежай, ойын-сауық орталықтары, казино, банк және тұрғын үйлер салынады.
Дегенмен балық аулап күн көріп жүрген жергілікті тұрғындар үкіметтің бұл шешіміне қарсы. Айтуларынша, арал құрылысы оларды нәпақасынан айыруы әбден мүмкін. Ал мамандар бұл жобаның қалаға кері әсерін тигізетінін алға тартып отыр.
Табиғат Нұрболат