1,4 миллион литр мазут тасымалдаған танкер Филиппин жағалауында батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты France Presse-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, оқиға бейсенбіде болған, кеме аударылып, Манила маңында батып кеткен.
"Кемеде болған 17 адамның 16-сы құтқарылды, бір адам жоғалып кетті", – деді агенттік Филиппиннің көлік министрі Хайме Баутистаның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Агенттік жергілікті билік суға түскен отыннан құтылуға тырысып жатқанын жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу