Филиппиннің Марави қаласынан 300-ге тарта бала эвакуацияланды, деп хабарлайды 24.kz.
Барлығын автобуспен таяудағы қалаға көшіріп, арнайы орталыққа жайғастырған.
Айта кеткен жөн, жарты ай бұрын радикалдық ұйымның 500-ге жуық жендеті Марави қаласын басып алған болатын. Қаскөйлер мұнда жерасты туннельдеріне қару-жарақ жеткізіп, шабуылға жіті дайындалған екен. Осыдан кейін өңірде әскери тәртіп жағдайы енгізілді. Қарулы қақтығыстар кезінде 95 содырдың көзі жойылған. Ал қаза болған бейбіт тұрғындардың саны 40 адамға таяп қалды. Жауынгерлер шаһардың азат етілуіне аз қалғанын айтып отыр.
Жалпы әскери операция басталғалы Маравидің 200 мың тұрғыны үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу