Филиппинде 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді

641

Эпицентрі Сан-Фернандо қаласынан 24 шақырым жерде орналасқан.

Филиппинде 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді Фото: Anadolu

Филиппинде бірден екі жер сілкінісі болды. Бұған Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтері дәлел бола алады, деп жазады Inbusiness.kz.

6,0 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 02:10-да болды (Астана уақыты бойынша 00:10). Эпицентрі Пампанга провинциясының Сан-Фернандо қаласынан 24 шақырым жерде орналасқан. Онда 121 мыңнан астам адам тұрады. Ошақтың 40 шақырым тереңдікте жатқаны анықталды.

44 минуттан кейін магнитудасы 4,2 болатын екінші жер асты дүмпуі тіркелді. Эпицентрі 57 мыңнан астам адам тұратын Масбат провинциясының Туссоннан 11 шақырым жерде болды. Ошақ 16 шақырым тереңдікте жатыр.

Қазіргі уақытта құрбандар мен қираған нысандар туралы ақпарат болған жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу