Филиппинде бірден 85 адам көз жұмды

974

Табиғи апат елдің ауыл шаруашылығына 6 миллион доллар шығын әкелген.

Филиппинде бірден 85 адам көз жұмды

Филиппинде "Усман" құйынынан пайда болған су тасқыны мен лай көшкіні 85 адамның өмірін жалмады, 40 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды Қазақпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Филиппин қауіп-қатерді азайту және апаттарды басқару Ұлттық кеңесіне (NDRRMC) сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Бикөл және Шығыс Висайи өңірлері бірнеше күн бойы құйын құрсауында қалып қойған. 20 адам із-түссіз кетті.

Бикөл, Шығыс Висайи, Калабарсон және Мимаропа аймақтарында тұратын 192 мыңға жуық адам төтенше оқиғадан зардап шекті. Оның ішінде 25 мың тұрғын қауіпсіз аудандарға көшірілген.

Бикөл аймағына қарасты Оңтүстік Камаринес провинциясында төтенше жағдай режимі жарияланған. Ресми мәліметке сүйенсек, құйын Филиппин елінің ауыл шаруашылығына 6 миллион доллар шығын әкелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу