Филиппинде екпе салдыртпағандар қамауға алынбақ

688

Дутерте вакцинадан бас тартқан адамдарды ақымақ деп санайтынын жариялады.

Филиппинде екпе салдыртпағандар қамауға алынбақ Фото: reuters.com

Филиппин президенті Родриго Дутерте коронавирус дертіне қарсы вакцина ектіруден бас тартқан адамдардың қамауға алынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Филиппин басшысының мәлімдемеcіне сілтеме жасап. 

"Дұрыс түсініңіздер, еліміз қазір дағдарысты бастан кешіріп жатыр, төтенше жағдай орнады. Егер сіз вакцина қабылдағыңыз келмесе, сіздерді ұстап, вакцинаны ектіртемін. Сіздер зиянкессіздер,  жағдайды одан сайын ушықтырып отырсыздар. Егер вакцина қабылдамасаңыз, елден кетіңіз. Үндістанға немесе АҚШ-қа барыңыз. Елде қаламын десеңіздер, міндетті түрде екпе салдыртыңыз", – деді ол. 

Сонымен қатар президент вакцинациядан бас тартқан адамдардың тізімін жасату үшін ішкі істер және жергілікті өзін-өзі басқару министрлігіне жүгінетінін мәлім етті. 
Дутерте вакцинадан бас тартқан адамдарды ақымақ деп санайтынын жариялады.

"Олар іс жүзінде вирус тасымалдаушылар, олар бір жерден екінші жерге саяхаттап, вирусты жұқтырып, артынан басқаларға да жұқтыруы мүмкін. Екпе салдырмаймын дейтіндер, мен сіздерге шошқаға арналған "ивермектин" деп аталатын вакцинаны еккіземін. Бұл препарат расымен  вирусты да, сіздерді де өлтіреді", – деп сөзін түйіндеді президент. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу