Бейсенбіде Маниланың шығысындағы Рисаль провинциясындағы көлде жолаушылар кемесінің апаты салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапты. Бұл туралы Филиппин жағалау күзетінің ресми өкілі контр-адмирал Армандо Балило хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бинангонан қаласынан 45 метр жерде болған апаттан жоқ дегенде 21 адам қаза тапқан, деді ол тедедидар арқылы берген сұхбатында.
Филиппин жағалау күзеті басында 30 адам қайтыс болды деп хабарлаған болатын.
Ведомствоның мәліметінше, апат кезінде кеме Бинангонан қаласынан Талим аралындағы Бай көліне бағыт алған.
"Қатты жел соғып, кемедегі жолаушылар арасында дүрбелең туды. Олар кеменің сол жағына қарай жүгіріп, салдарынан ол аударылған", - деп хабарлады Филиппин жағалау күзеті.
Рисаль провинциясының полициясы 21 адамның суға батып кеткенін растап отыр. Тағы 40 адам құтқарылған.