Филиппинде лай көшкінінен 26 адам көз жұмды

829

Филиппинде лай көшкінінен 26 адам көз жұмды

Филиппинде лай көшкіні жүріп, 26 адам опат болды. Тағы 23 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды khabar.kz.

Табиғи апатқа елдің орталық аудандарында ойран салған "Кай-Так" тропикалық дауылы себеп. Ұйытқыған жел өзімен бірге нөсер ала келіп, аймақтың біраз бөлігін су алды. Дүлей желден электр желілері үзіліп, 39 елді мекен жарықсыз қалды. Табиғаттың тосын мінезінен әуе қатынасында іркіліс пайда болды. Салдарынан 15 мыңға жуық жолаушы діттеген жеріне уақытылы жете алмай, әуре-сарсаңға түсті. 90 мыңға жуық тұрғын үй-жайын тастап, уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр.

Алдағы уақытта Филиппин президенті Родриго Дутерте жапа шеккен өңірге барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтуды жоспарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу