Филиппинде сайлау учаскесінде атыс болып, 3 адам қаза тапты

240

Тағы 15 адам жарақат алды.  

Филиппинде сайлау учаскесінде атыс болып, 3 адам қаза тапты Фото: AFP

Филиппиннің оңтүстігіндегі Магинданао-дель-Норте провинциясына қарасты Котабато қаласында сайлау учаскесінде атыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты, тағы 15-і жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты шетелдік басылымға сілтеме жасап.

Оқиға алғашқы парламенттік сайлау қарсаңында болды. Полицияның хабарлауынша, бәсекелес саяси топтар дауыс беру кезегіне таласқан.

"Оқиға өңір орталығындағы сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған мектептің алдында болды. Екі топ кезек үшін таласа бастады. Соңы төбелеске ұласып, халық жиналған жердегі атыспен аяқталды", – деді Котабато қалалық полициясының бастығы Джибин Бонгкаяо.

Бангсаморо автономдық аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Дауыс беру аумақтарына қауіпсіздік қызметкерлері тартылды. Осыған дейін депутаттарды билік өкілдері тағайындаған.

Парламенттегі 80 орын үшін 13 партиядан үміткерлер бақ сынайды.  2,4 миллионға жуық тұрғын дауыс беру құқығына ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу