Филиппинде тайфуннан зардап шеккендер саны 40-тан асты

954

Бұған дейін 28 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған. 

Филиппинде тайфуннан зардап шеккендер саны 40-тан асты

Филиппинде "Урсула" деп аталатын Фанфон тайфуны салдарынан қаза тапқандар саны 41-ге жетті, деп хабарлайды батыс ақпарат құралдары.

Қайтыс болғандардың арасында - қатты желдің салдарынан аударылып кеткен үш қайықтың экипажы бар.

Бұған дейін 28 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған.

Рождествоның алдында Филиппинде басталған "Урсула" тайфуны осыдан бір күн бұрын аумақты тастап кетті. Желдің екпіні сағатына 200 км-ге жетті.

Тайфун салдарынан ондаған мың адам әлі күнге дейін уақытша тұру орталықтарында, оларға Жаңа жылға дейін осы жерде тұруға тура келуі мүмкін.

Тайфун 1,6 миллион адамға зиян әкеліп, Филиппиннің орталық бөлігінде, соның ішінде туристерге танымал жерлерді қаңыратып тастады. Елдің бірнеше аймағында 260 мыңнан астам үй қирап, электр энергиясы мен Интернет үзілген.

Билік аймақтың инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығына келтірілген залал 21 миллион доллар деп бағалап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу