Филиппинде вакцинаның 150 мыңға жуық дозасы өртенді

574

Ел президенті коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғысы келмейтін азаматтарға екпені олар ұйықтап жатқанда салуды ұсынды.

Филиппинде вакцинаның 150 мыңға жуық дозасы өртенді

Филиппинде бірқатар өндіруші жасап шығарған вакциналардың 150 мыңға жуық дозасы өртеніп кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, қызыл жалын Оңтүстік Замбоанга провинциясындағы Пагадиан қаласының жергілікті үкімет ғимаратын шарпыған. Апат салдарынан AstraZeneca препаратының кем дегенде 9 176 дозасы, Moderna вакцинасының 14 400 дозасы, Sinovac препаратының 36 164 дозасы және Pfizer вакцинасының 88 938 дозасы жанып кеткен.  

Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жарияланбады. Өрттің түтіні COVID-19 дертіне шалдыққан науқастар орналасқан көрші ғимаратқа жеткен. Олардың 12-і уақытша басқа палаталарға көшірілді.

12 қазанда Филиппин Президенті Родриго Дутерте коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғысы келмейтін азаматтарға екпені олар ұйықтап жатқанда салуды ұсынған еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу