Филиппинде жанартау атқылап, 5 мыңнан аса адам эвакуацияланды

90

Қазіргі уақытта 14 эвакуация орталығында 5 400-ден астам адам орналастырылған.

Филиппинде жанартау атқылап, 5 мыңнан аса адам эвакуацияланды Фото: Philippine Red Cross photo

Филиппинде Майон жанартауы атқылап, мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Manila Bulletin басылымына сілтеме жасап. 

Қаңтар айынан бері жанартаудың белсенділігіне байланысты 100 мыңнан астам адам зардап шеккен. Билік өкілдері гуманитарлық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, жанартауда атқылау жалғасып жатыр: лава ағындары, ыстық газ бен күл бұлттары тіркелген. Бірқатар жанартау дүмпулері мен тас құлау оқиғалары да байқалған.

Қауіпті аймаққа кіруге тыйым салынған. Тұрғындарға сақтық шараларын күшейтіп, жағдай ушықса эвакуацияға дайын болуын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу