Филиппинде жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды

190

Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар тарады. 

Филиппинде жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды Фото: RFI

Филиппиннің Минданао аймағында күшті жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 болған. АҚШ-тың цунами бойынша ескерту жүйесі бұл аймақта цунами қаупі бар екенін хабарлады.

Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланды. Жергілікті тұрғындар қатты дүмпулер сезілгенін айтты. Давао провинциясының губернаторы Эдвин Джубахиб кейбір ғимараттардың бүлінгенін және халық үрейге бой алдырғанын хабарлады. Филиппин президенті Фердинанд Маркос ел билігі жағдайды бақылап отырғанын және іздестіру-құтқару жұмыстарына дайын екенін жеткізді.

Он күн бұрын Себу провинциясында магнитудасы 6,9 болатын жойқын зілзала тіркелген болатын. Салдарынан 71 адам қаза тапты. Бұл аймақта әлі де афтершоктар сезілетіні белгілі болды. Көршілес Индонезия Солтүстік Сулавеси мен Папуа аймақтарында цунами қаупі бар екенін айтып, ескерту жариялады.

Филиппинде жыл сайын жүздеген жер сілкінісі тіркеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу