Филиппинде "Раи" деп аталатын сұрапыл дауыл салдарынан қаза тапқандардың саны 326-ға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNN Philippines сайтына сілтеме жасап.
Тайфун кезінде 661 адам түрлі деңгейде жарақат алып, тағы 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
"Раи" тайфун 16 желтоқсанда ойран салды. Оның жылдамдығы 54 м/с жеткен. Елдегі ресми өкілдердің айтуынша, тайфун өтетін жолда он мыңға жуық елді мекен бар. Апатты жағдайға байланысты барлық дерлік әуе рейстері, теңіз қатынасы тоқтатылды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу