Филиппиннің солтүстігінде болған қатты дауылдан 5 адам қаза болды

1015

Филиппиннің солтүстігінде болған қатты дауылдан 5 адам қаза болды

Дүлей желдің екпіні сағатына 315 шақырымға жетіп, үйлер мен жолдарды қиратып кетті.

Жергілікті билік алдын ала қам жасағанмен, табиғи апаттан Кагаян провинциясы да зардап шеккен, деп хабарлады khabar.kz.

Бұған дейін, қауіпті аймақтан 90 мыңдай тұрғын көшіріліп, ішкі ұшақ рейстері тоқтатылды. Мамандардың болжамынша "Хаима" дауылы енді Қытайға бет алуы тиіс.

Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Филиппинде "Сарика" атты тағы бір дауыл тұрып, 2 адам қаза тапқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу