Фильмдер мен бейнефильмдер өндірісі 19%-ға артты

907

Былтыр түсірілген фильмдер саны 480-нен 242-ге дейін қысқарған еді. 

Фильмдер мен бейнефильмдер өндірісі 19%-ға артты

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде фильмдер, бейнефильмдер мен телебағдарламалар, сондай-ақ фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша көрсетілген қызметтер 11,7 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 18,6% -ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ел аймақтарының ішінде сектордағы қызметтер көлемінің 60,3%-ы мәдени астанамыз Алматыға келеді: 7 млрд теңге. Бұл 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11% жоғары.

Қызметтер көлемінің үштен біріне жуығы Нұр-Сұлтанға тиесілі: 3,7 млрд теңге. Бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 72,6% артық. Өзге аймақтарда қызмет құны тек 963,8 млн теңгені құрады.

Қызметтер көлемінің жартысынан көбі фильмдер, бейнефильмдер мен телебағдарламалар өндірісімен байланысты болды: 6,6 млрд теңге. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 есе жоғары. Одан кейінгі орында фильмдер, бейнефильмдер мен бағдарламаларды тарату (3,1 млрд теңге) және фильмдердің көрсетілімдері (1,9 млрд теңге) тұр.

2020 жылы елімізде фильмдер шығаруға 45 ұйым тартылды, ал 2019 жылы елде 64 кинематографиялық ұйымдар болған.

Бір жыл ішінде түсірілген фильмдер саны 480-нен 242-ге дейін азайды. Олардың көпшілігі қысқаметражды фильмдер – 218 фильм; 150 деректі фильм, 52 көркем фильм, 13 анимациялық фильм, 3 кинохроника түсірілді. Тек 24 толық метражды фильм түсірілді, оның 11-і деректі, 10-ы көркем фильм.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу