Фин елінің музыканттары Израильді "Евровидение" байқауынан шығаруға талап қойды

Алайда, байқау ұйымдастырушыларында бұл әрекетті жасауға ешқандай негіз жоқ. 

Фин елінің музыканттары Израильді "Евровидение" байқауынан шығаруға талап қойды Фото: PA MEDIA

Финляндия музыкалық бизнесінің бір жарым мыңға жуық қайраткерлері Израильді "Евровидение" халықаралық ән байқауынан шығаруды талап еткен петицияға қол қойды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Петиция авторлары Израильді Газа секторында әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Олардың пайымдауынша, егер байқауды ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) израильдіктерді байқаудан шығаруға бас тартса, финдік Yle хабар тарату компаниясы өз қатысушысын кері қайтарып алуы тиіс.

Петиция авторларының бірі, мәдениет белсендісі Лукас Корпелайнен Hufvudstadsbladet басылымына "Евровидение" байқауын ұйымдастырушылар Израильге байқауға қатысу арқылы өзінің имиджін өзгертуге рұқсат бермеуі қажет деп есептейді.

Жалпы, авторлар Yle хабар таратушысын қос стандарттар бойынша айыптайды. Өйткені, Ресей алғашқылардың бірі болып Украинаға шабуыл жасағаннан кейін, бұл компания өкілдері Ресейді "Евровидение" байқауынан шығаруға шақырды.

Yle басшылығының мүшесі Вилле Вилен Ресей басып алғаннан кейінгі күні бұл Yle және басқа еуропалық хабар таратушылар ұсынған барлық құндылықтарға қайшы келетінін ескертті. Сондықтан, оның пікірінше, ресейлік қатысушыларды байқауға жіберуге болмайды.

Петицияға қатысты Yle өкілі Йере Нурминен Hufvudstadsbladet басылымына берген сұхбатында компания жағдайды бақылап, оны Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) және Еуропадағы басқа да қоғамдық хабар таратушылармен талқылап жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, Yle басшылығы петиция авторларымен кездесуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Еуропалық хабар тарату одағы "Евровидение" байқауын үкіметтер емес, хабар таратушылар өткізетінін және израильдік компания байқауға қатысушыларға қойылатын барлық талаптарға сай келетінін түсіндірді.

Айта кетейік, биылғы жылғы ән байқауы мамыр айының басында Швецияның Мальмё қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу