Фин компаниясы Оралда "Smartcity" жобасын жүзеге асырады

819

Фин компаниясы Оралда "Smartcity" жобасын жүзеге асырады

"Smartcity 2017" форумы аясында Орал қаласының әкімдігі мен "Бизнес Оулу" компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тараптар "Smartcity – Uralsk". Бірлескен жобасын жүзеге асыру туралы келісті.

"Бизнес Оулу" компаниясы құрамында "Қауіпсіз қала": зияткерлік көлік жүйесі, қоғамдық қауіпсіздік, электронды билеттендіру және өзге жобалар бар.

"Smart city – Uralsk" жобасын енгізудің алғашқы элементі – "Сергек-Орал" қалалық және жол бейнебақылаудың зияткерлік жүйесі".

Сонымен бірге басқосуда Еуропадағы ең ақылды қала деп танылған финдік Оулу қаласының іс-тәжірибесі кеңінен сөз болып, ондағы инновациялық мүмкіндіктерді облыста іске асыру жайлы пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу