Фин тасымалдаушыларына қосымша коммерциялық құқықтар берілді

897

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға жасаған сапары аясында екі ел арасындағы әуе қатынасы бойынша екіжақты меморандумға қол қойылды. 

Фин тасымалдаушыларына қосымша коммерциялық құқықтар берілді

Оған сәйкес Қазақстанға рейстер орындаған кезінде фин тасымалдаушыларына қосымша коммерциялық құқықтар берілді, деп хабарлайды ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, финдік тасымалдаушыларға Алматы мен Астанаға 7 рейс орындау және кез-келген типтегі әуе кемесін қолдану құқығы берілді (сыйымдылық шектеуінсіз). 

Жаңа келісім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Астананың транзиттік-көліктік хаб ретінде танылып, кеңеюіне мүмкіндіктер ашады. 

Айта кету керек, 2017 жылы қазақстандық тарап "Finn Air" әуе компаниясына Хельсинки-Астана маршруты бойынша жиілігі аптасына (күнделікті) 7 рейс ұшу құқығын берген болатын. 

Жазғы кезеңнен "Finn Air" әуе компаниясы Хельсинки-Астана маршруты бойынша Қазақстанға жиілігі аптасына 2 рет тікелей рейс орындай бастады. 2018 жылы 3-шілде мен 23-тамыз аралығында "Finn Air" әуе компаниясы A319 әуе кемесімен Астана – Хельсинки маршруты бойынша аптасына 2 рейс орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу