FINA 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін уақытты анықтады

735

Шеберлер арасындағы әлем чемпионаты 2022 жылдың 31 мамыры мен 9 маусымы аралығында Кюсю аралында өтеді.   

FINA 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін уақытты анықтады

Су спорты түрлерінен 2021 жылы Фукуокада өтуге тиіс әлем чемпионаты 2022 жылдың 13-29 мамырына ауыстырылды, деп жазады Olympic.kz. 

"Тиісті тараптармен келісімге келген соң біз аталған шешім чемпионатқа қатысушылардың барлығына қуаныш сыйлағанына сенімдіміз. 2022 жылы әлемнің үздік спортшылары Фукуока қаласына жиналатын сәтті бәріміз асыға күтудеміз", – деп жазылған FINA президенті Хулио Маглионенің хабарламасында.

Айта кетелік, шеберлер арасындағы әлем чемпионаты 2022 жылдың 31 мамыры мен 9 маусымы аралығында Кюсю аралында өтеді.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу