FINA біріншілігінде құлаштап жүзуден Әділ Қасқабай рекорд орнатты

1093

FINA біріншілігінде құлаштап жүзуден Әділ Қасқабай рекорд орнатты

Будапештте су спорты түрлері бойынша әлемнің FINA біріншілігінде жүзгіш Әділ Қасқабай 100 метр қашықтықта құлаштап жүзуден межеге 50 секундта келіп, ұзақ уақыттан бері алғаш рет Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әділ өзінің бұрынғы 50.10 сек нәтижесін жақсартып, қашықтықты 49.81 сек уақытымен аяқтады.

"Бүгінде қазақстандық кроль әдісімен жүзушілер үшін Әділдің нәтижесі - тарихи қадам. Осы 50 секундқа ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмай жүрген едік", - деді жүзу құрамасының бас бапкері Олег Вагизов. "Бірақ Әділ бұл тосқауылды бұзды, енді біздің кролистер тез жүзеді деп сенемін. Әлем чемпионатына дайындық үшін жеті жасөспірімді жаттықтыру үшін іріктеп алдық. Оның ішінде Дмитрий Баландин де бар".

Жүзушілерді дайындау жөніндегі кешенді ғылыми топ ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР су спорты түрлері федерациясымен бірлесіп, 2013 жылы құрылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу