Financial Times газеті: Владимир Зеленский - жыл адамы

632

Баспаның жазуынша, Украина президенті - украин халқының табандылығын бейнесі, демократиялық әлемнің флагманы.  

Financial Times газеті: Владимир Зеленский - жыл адамы Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский британдық Financial Times газетінің нұсқасы бойынша жылдың адамы болды.

"Украина президенті осы ғасырдың бағыт-бағдарын анықтайтый авторитаризмге қарсы жаһандық күресте демократиялық әлемнің флагманы болды", - деп жазады FT.

Дәл осы себептерге байланысты Financial Times Зеленскийді жылдың адамы етіп таңдады.

Басылым сонымен қатар Зеленскийдің президенттігінің бейбіт кезде біраз сынға ұшырағанына қарамастан, соғыс кезінде ол өзін Украина халқының рухын көтере алатын, Батыс елдерін де Украинаға көмектесу үшін ынталандыра алған мықты көшбасшы ретінде көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу