Олардың пікірінше, бұл Англия банкін жоғары пайыздық мөлшерлемелерді сақтауға, ал ел Үкіметін "қатаң фискалдық саясат жүргізуге" мәжбүр етеді.
Ұлыбритания 2023 жылы басқа G7 елдерімен салыстырғанда экономикадағы ең күшті рецессияға тап болады, деп хабарлайды Financial Times газеті экономистерге сілтеме жасап.
"Келесі жылы Ұлыбритания G7 елдері арасында ең ауыр рецессияға ұшырап, оның қалыпқа келуі ұзақ уақыт алады, өйткені үй шаруашылықтары үкіметтің саяси қателіктері салдарынан үлкен шығынға батады", - делінген хабарламада.
Экономистердің бағалауынша, қазірдің өзінде Ұлыбританияның ЖІӨ төмендей бастаған және бұл үрдіс 2023 жылы да сақталады. Consensus Economics мәліметтері бойынша, Ұлыбританияның ЖІӨ 1%-ға қысқарады, ал АҚШ-ты керісінше бұл көрсеткіш 0,25%-ға артады.
Англия Банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 50 базистік тармаққа - 3%-дан 3,5%-ға дейін көтерді. Реттеуші сонымен қатар Ұлыбритания экономикасы 2023 және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жалғасады деп күтілетін рецессияға кіргенін хабарлады. 2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Ұлыбританиядағы жылдық инфляция 10,7% құраған.