Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

839

Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден аса қаражатқа түрлі мүліктер тәркіленді. 

Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Finbet букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, шешім шығарды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

Тергеу барысында Finbet кеңсесінің басшылары ел аумағында букмекерлік қызметпен қатар заңсыз ойын бизнесін жүргізгені анықталды.

Сол арқылы аталған мекеме басшылары 300 млн теңгеден астам сомада табыс тапқан. 

Компания заңға қайшы іс-әрекеттерін Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР Қылмыстық кодекстің 307-бабы 3-бөлімі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде табыс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылды. Сот екі айыпталушыға шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде, ал біреуіне 2,4 млн теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден астам қаражатқа түрлі мүліктер тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу