Финляндия Әділет министрлігі Ресеймен шекараны жабудан бас тартты

497

Бұған дейін елдің Ішкі істер министрлігі босқындар ағынына байланысты осындай ұсыныс жасаған болатын.

Финляндия Әділет министрлігі Ресеймен шекараны жабудан бас тартты Фото: pixabay.com

Финляндияның әділет вице-министрі Микко Пуумалайненнің Ресеймен шекараны толығымен жабу туралы заң жобасын қабылдамағаны 21 қарашада белгілі болды. Финдік Yle қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, Пуумалайнен заң жобасы шекарада баспана сұрауға жеткілікті мүмкіндік бермейтінін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо Ресеймен шекараны жабу мүмкіндігін жариялады. Өз кезегінде финдік БАҚ биліктің 22 қарашаға қараған түні шығыс шекарадағы барлық бақылау-өткізу бекеттерін жабу жоспары туралы жазды.

Сонымен қатар, алғашқы бес шекара өткелі өткен аптада жұмысын тоқтатты: тоғыздың төртеуі (Иматра, Ниирала, Нуямаа және Ваалимаа) 18 қарашаға қараған түні, бесінші бақылау-өткізу пункті “Вартий” – 19 қарашада жабылды. Бұған дейін, Финляндия билігі Вартиустағы шекарашыларға жәрдем беру үшін қарулы күштерді жіберген.

Финляндия билігі Ресеймен шекараны жабу шешімін Ресей аумағынан үшінші елдерден заңсыз мигранттар ағынының күрт өсуімен негіздеп отыр. Хельсинки ресейлік тарапты бұл ағынды ұйымдастырды деп айыптап, мұндай жағдай 2015 жылы болғанын атап өтті.

Финляндия президенті Саули Ниинистёнің айтуынша, ел Ресейдің мұндай жағымсыз әрекетіне дайын болған. Алайда, Ресей Сыртқы істер министрлігі барлық айыптарды жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу