Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Финляндияның ең жоғарғы мемлекеттік марапаттарының бірі – Финляндияның Арыстан Ордені, 1-ші сыныптағы Командирімен марапатталды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Аталған сыйлыққа Хельсинкидегі тұрғылықты жері бар Қазақстанның бірінші елшісі (2008-2016 жж.) Ғалымжан Койшыбаев екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ие болды.
Финляндия тәуелсіздігінің 100-жылдығына арналған қабылдауда қазақстандық дипломатты Финляндия елшісі Микко Кивикоски марапаттады.
Өз кезегінде Ғалымжан Қойшыбаев жоғары бағаға алғыс білдіріп, бұл марапат Қазақстан мен Финляндия арасындағы достық дәнекердің беріктігін білдіретінін атап өтті.