Қазақстанның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі Мұрат Нұртілеуовтің айтуынша, фин делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі осы елдің ұлттық күні шарасына қатыспақ, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Финляндия президенті Саули Ниннесте 20 маусым күні Астанаға келеді деген жоспар бар. Делегацияның құрамында 70-ке жуық ірі бизнес өкілдері болады. Сол күні ЭКСПО-2017 көрмесінде орналасқан Финляндияның павильонында осы елдің ұлттық күні аталып өтіледі. Аталған шараға Саули Ниннесте қатысады. Әрине, жоғары деңгейдегі кездесулер де болады. Жалпы Финляндия ЭКСПО көрмесі аясында іскерлік байланыстардың кеңейе түсетіндігіне сенім артып, үлкен делегациямен келейін деп жатыр", - деді М. Нұртілеуов бүгін Астанада өтке баспасөз мәслиxатында.
Елшінің айтуынша, бүгінде финдіктер қалдықсыз өндіріске ерекше басымдық береді. Соның арқасында қоршаған ортаны барынша сақтап, экологиялық таза мемлекеттердің қатарына кірген.