Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі

171

Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесті.

Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі Фото: Ақорда

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Финляндия – Қазақстанның Солтүстік Еуропа аймағы мен тұтас Еуропа Одағындағы сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынасты, атап айтқанда, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді. Сонымен қатар фармацевтика, өнеркәсіптік машина жасау және инженерия сияқты салаларда фин компанияларымен бірлесе қолға алған жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Финляндияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ісіне табыс тіледі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Финляндия президенттері бір-біріне сапармен баруға келісті. Бұл сапарлар Астана мен Хельсинки арасындағы саяси және экономикалық серіктестікті нығайтуға тың серпін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу