Финляндия мемлекеттік шекарадағы қауіпсіздікті күшейтпек

557

Шекарадағы "гибридті ықпалға" дайындық басталады.

Финляндия мемлекеттік шекарадағы қауіпсіздікті күшейтпек

Финляндия мемлекеттік шекараны қорғау туралы заңға оның қауіпсіздігін күшейтуге қатысты түзетулер енгізбек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елдің Ішкі істер министрлігінің дерегінше, бұл түзетулер мемлекеттік шекарадағы "гибридті ықпалға" дайындалуға көмектеседі. Ведомство мигранттардың жаппай ағымына қатысты шара қабылданатын мәлімдеді. 

"Еуропаға көшкісі келетін адамдардың қатары көп, көші-қон саяси қысым құралы ретінде пайдаланылуы әбден мүмкін", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Финляндия шекарадан өту пункттерінде баспана беру туралы өтініштерді қабылдауды орталықтандырмақ. Сондай-ақ ел билігі шекара аймағында бөгеттер салу жағын қарастыруда.

ІІМ-нің хабарлауынша, Финляндия қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада шекарадағы "гибридті ықпалға" дайындалуда.

Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу