Финляндия мен Швеция НАТО-ға бақылаушылар ретінде кіруі мүмкін

696

Йенс Столтенберг Хельсинки мен Стокгольм Солтүстік Атлантикалық одаққа 29 маусымда кіреді деп мәлімдеген еді.

Финляндия мен Швеция НАТО-ға бақылаушылар ретінде кіруі мүмкін

Финляндия мен Швеция НАТО саммитінде альянсқа бақылаушы елдер ретінде қосыла алады. Бұл туралы Helsingin Sanomat басылымы өзінің анонимді ресми дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылымның мәліметінше, НАТО-ға мүше 30 елдің барлығы Финляндия мен Швецияны қосу туралы келіссөздер жүргізуі тиіс. Бірақ альянста басқа елдерді одаққа қабылдау бойынша келіссөздер жүргізудің белгіленген ережелері және нақты критерийлері жоқ.

Келіссөздерден кейін НАТО-ға мүше елдер Финляндия мен Швецияны Солтүстік Атлантикалық одаққа бақылаушы ретінде енгізу туралы құжатқа қол қояды. Дегенмен альянс шартының 5-ші бабына сәйкес, қауіпсіздік кепілдіктері бақылаушы елдерге берілмейді.

Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Хельсинки мен Стокгольм Солтүстік Атлантикалық одақ 29 маусымда кіреді деп мәлімдеген еді. 

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін қолдауға келісті. Мадридте Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Швеция Премьер-Министрі Магдалена Андерсон және Финляндия Президенті Саули Ниинисте кездесу өткізіп, осындай ортақ мәмілеге келді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу