Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру үшін ресми түрде өтініш тапсырды

709

Олардың одаққа қабылдануына Түркия қарсы.

Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру үшін ресми түрде өтініш тапсырды

Финляндия мен Швеция елдері НАТО-ға кіру үшін альянстың Брюссельдегі штаб-пәтерінде ресми түрде өтініш тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қос елдің дипломаттарының айтуынша, одаққа қосылу туралы шартты ратификациялау процесі бір жылға дейін созылуы мүмкін. Өйткені Стокгольм мен Хельсинкидің НАТО-ға кіруіне Анкара қарсы болып отыр.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бұл қадамды қолдамайтынын мәлімдеді, ол Анкараға санкциялар салған және "террористерді жасырған мемлекеттерді", яғни Финляндия мен Швецияны альянсқа қабылдай алмайтынын жариялады.

Финляндия Президенті Саули Ниинисте болса, келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешуге болатынын айтты.

Табиғат Нұрболат

Фото: Shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу