Алдағы уақытта әлемдік рейтингте ең қауіпсіз ел атанған Финляндия ел аумағындағы мешіттердің сырттан қаржыландырылуына тосқауыл қоймақ, деп хабарлайды islam.kz.
Бұл елдегі жастардың радикалдануының алдын алу үшін қолға алынатын сақтық шарасы. Тиісті ұсынысты Еуроодақ істері жөніндегі Финляндия министрі Сампо Терхо білдірді. Ел астанасы - Хелсинкі қаласындағы бас мешіт құрылысына қатысты өрбіген әңгіме төңірегінде осындай пікір білдірді министр.
Министрдің алаңдайтындай жөні бар: Хелсинкі қаласындағы бас мешіттің құрылысы Сауд арабиясының қаржысына салынбақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу