Финляндия НАТО-ға Швециясыз кіруден бас тартты

614

28-30 маусым аралығында Мадридте НАТО-ның кезекті саммиті өтеді.

Финляндия НАТО-ға Швециясыз кіруден бас тартты

Финляндия НАТО-ға Швециясыз кіруден бас тартты. Бұл туралы ел Президенті Саули Ниинисте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Швецияның мәселесі – біздің мәселе. Бұл дегеніңіз біздің бірге әрекет ететінімізді білдіреді", – деді Ниинисте НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге өткен баспасөз мәслихатында.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамайынша альянсқа кірмейді деп мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатып, Түркияға қарсы салынған санкцияларды алып тастап, ынтымақтастыққа бет бұруы тиіс.

28-30 маусым аралығында Мадридте НАТО-ның кезекті саммиті өтеді.

Йенс Столтенбергтің айтуынша, бұл саммитте Финляндия мен Швецияның одаққа кіруі туралы нақты шешім қабылданбайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу