Финляндия Ресейден велосипедпен елге кіруге тыйым салды

438

Қауіпсіздік шарасы шетелдік босқындар ағынына байланысты енгізілді. 

Финляндия Ресейден велосипедпен елге кіруге тыйым салды Фото: mavink.com

Финляндияның оңтүстік-шығысындағы бақылау-өткізу пункттері Ресейден велосипедпен кіруге тыйым салды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ресейдің Сноб журналына сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік-Шығыс Финляндия шекара қызметінің подполковнигі Юкку Луккаридің айтуынша, соңғы аптада шекарашылар талапқа сай емес құжаттармен келген 30-ға жуық жағдайды тіркеді. Сарапшылар босқындар мұны баспана алу үшін әдейі жасайды деп санайды.

Ресми деректерге сәйкес, шара 9 қарашада енгізілді. Ол тек Финляндияның оңтүстік-шығыс ауданында жұмыс істейтіні белгілі.

Алайда, бұл шешімнің басқа өткізу пункттеріне қатыстылығы әлі нақтыланбаған.

Айта кету керек, Ресей Федерациясы мен Финляндия шекарасында барлығы тоғыз бақылау-өткізу пункттері бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу