Финляндия ресейліктерге виза беруді 90%-ға қысқартады

522

Ұлттық гуманитарлық виза арқылы журналистер, диссиденттер немесе белсенділерге жеңілдік жасалады.

Финляндия ресейліктерге виза беруді 90%-ға қысқартады

Финляндия үкіметі Ресей азаматтарына виза беруді 90 пайызға қысқартатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто қыркүйек айынан бастап ресейлік туристер жіберген визалық өтініштердің тек 10 пайызын қабылданатынын мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда, бір күнде 1000 визалық өтінімнің орнына 100-ге жуығы бойынша рұқсат беріледі.

Бірақ ұлттық гуманитарлық виза арқылы журналистер, диссиденттер немесе белсенділерге жеңілдік жасалады.

Хаавистоның айтуынша, ведомство осы мәселе бойынша Ішкі істер министрлігімен бірлесе жұмыс атқармақ.

Бұған дейін Чехия, Литва, Эстония, Латвия және Польша ресейліктерге арналған кейбір визаларды беруді тоқтатып тастаған болатын. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу