Финляндия үш апталық локдаун жариялайды

867

Халықтың 5,5%-ына немесе 302 342 тұрғынға вакцина егілді.

Финляндия үш апталық локдаун жариялайды

Финляндия үкіметі 8 және 28 наурыз аралығында локдаун жариялайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. Министрлер кабинетінің басшысы Санна Мариннің айтуынша, жоғары сынып оқушылары қашықтан оқуға көшеді.

"8 және 28 наурыз аралығында Финляндияда үш апталық локдаун енгізіледі. Бұған дейін қабылданған шараларға қосымша шектеулер қосылады. Яғни орта мектептің жоғары сынып оқушылары қашықтан білім алу режиміне ауысады. Сонымен қатар 12 жастан асқандарға топтық сабақтар жүргізілмейді", – деді ол.

Марин үкімет пен президент эпидемиологиялық жағдайға байланысты ТЖ режимін енгізуге дайын екенін жеткізді. Жалпы, Финляндияда вирус жұқтырудың 55 мың фактісі тіркелген. Халықтың 5,5%-ына немесе 302 342 тұрғынға вакцина егілді

Табиғат Нұрболат

Фото: yle.fi

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу