Финляндияда екі тікұшақ соқтығысып, бес адам қаза тапты

117

Кеше Финляндияның оңтүстік-батысындағы Эура қаласының маңында екі азаматтық тікұшақ соқтығысқан еді. Салдарынан борттағы 5 адам (біріншісінде үшеу, екіншісінде екі адам болған) көз жұмғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Финляндияда екі тікұшақ соқтығысып, бес адам қаза тапты Фото: aa.com

Кейбір мәліметтерге сенсек, қаза тапқандардың арасында екі эстондық кәсіпкер болған.

Апат жергілікті уақыт бойынша 17 мамырда шамамен 12:35-те тіркелген. Тікұшақтар соқтығысқаннан кейін жерге құлаған. Куәгердің айтуынша, тікұшақтардың бірі маневр жасап жатқанда екіншісіне соқтығысып, соның салдарынан екеуі де құлаған.

Тікұшақтар шамамен 100 метр қашықтықта табылған. Олардың бірі Эстонияда, екіншісі Аустрияда тіркелген. Белгілі болғандай, олар Таллиннен ұшып шыққан, ал бағыттары — Финляндиядағы Кумо аэродромы болған.

Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайлары тергеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу