Қазақстан шаңғы федерациясының бірінші вице-президенті Никита Девяткин құраманың жарысқа дайындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Дайындық маусымында біздің құрама өте жұмыс істеді. Әлем кубогінің кезеңдері – ересектер құрамасы үшін осы маусымдағы техникалық және тактикалық дайындық деңгейінің көрсеткіші болмақ. Сондай-ақ, 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін FIS ұпайларын жинауға мүмкіндік береді. Ал жасөспірімдер құрамасы 2020 жылдың қаңтар айында Лозаннада өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады. Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімі 8 желтоқсан күні шығады", – дейді ұлттық федерацияның бірінші вице-президенті Никита Девяткин.