Финляндияда шаңғымен жарысудан әлем кубогі кезеңі басталады
22 Қаңтар 2021 13:42 678

23 қаңтар күні Финляндияның Лахти қаласында шаңғымен жарысудан әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталады деп хабарлайды Olympic.kz.
Екі күнге созылатын жарыста ерлер мен әйелдер скиатлоннан және эстафетадан бақ сынайды. Скиатлонда әйелдер 15 шақырымға, ерлер 30 шақырымға жарысады. Ал эстафета әйелдер арасында 20, ерлер арасында 30 шақырымға созылады.