Финляндияда террорлық қауіптің жоғарғы екінші деңгейі жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.
Полиция мәліметінше, бұған Финляндияның радикалдар арасында өте танымал болып бара жатқандығы себеп болған. Ел аумағына сырттан тентіреп келіп тұрып жатқан кейбір мигранттардың террористік топтармен өте тығыз байланыс орнатқаны да билікті бей-жай қалдырмаған.
Айта кету керек, жалпы суомилер Финляндияға Таяу Шығыс елдерінен бас сауғалап келген талай босқынды еш қысым-қыспақ көрсетпей, сыйғызып отыр. Тіпті фин билігі келімсектерді жерсіндіру үшін арнайы оқу курстарын ашып, олардың сауаты барларына мамандық берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу