Финляндияда вирустың жаңа штамы табылды

715

Оны ПТР тестердің басым бөлігі анықтай алмайды. 

Финляндияда вирустың жаңа штамы табылды

Финляндияда коронавирустың жаңа штамы табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті Vita зертханасының мәлімдемесіне сілтеме жасап. Ғалымдар оған Fin-796h деген атау берген. 

"Vita Laboratoriot Oy және Хельсинки университетінің биотехнология институты елдің оңтүстігінен коронавирустың жаңа штамын тапты. ДДҰ ұсынған ПТР тесттері арқылы бұл мутацияны анықтау қиынға соғады. Бұл штамда оңтүстікафрикалық және британиялық штамдардың белгілері бар", – деп жазылған мәлімдемеде.

Ескере кететін жайт, осы күнге дейін әлемде коронавирустың бірнеше штамы тіркелді. Олардың барлығы дерлік британиялық, оңтүстікафрикалық, бразилиялық және жапон нұсқаларына ұқсайды. Жергілікті зертхананың дерегіне сәйкес, Финляндияда табылған штамды ПТР тесттердің басым бөлігі  анықтай алмайды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу