Финляндиядағы парламент сайлауында оппозициялық партия жеңіске жетті

490

Бұрынғы ішкі істер және қаржы министрлері бірігіп құрған Ұлттық коалиция 20,9% дауыс жинаған. 

Финляндиядағы парламент сайлауында оппозициялық партия жеңіске жетті Фото: samara.tsargrad.tv

Финляндияда өткен парламент сайлауында билік басындағы жетекші партия жеңіліп, оппозициялық партия жеңіске жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрынғы ішкі істер және қаржы министрлері бірігіп құрған Ұлттық коалиция 20,9% дауыс жинаған. Енді олар 200 депутаттық мандаттың 48-ін ала алады. "Нағыз финдер" партиясы 20,5% дауыспен 46 мандатқа үміттеніп отыр.

Ал Санно Марин бастаған билік басындағы Социал-демократиялық партия үшінші орынға ығысып, 19,6% дауыс жинаған. Елдің Премьер-министрі, социал-демократтардың жетекшісі Санна Марин Ұлттық Консервативтік партия мен "Нағыз финдерді" жеңісімен құттықтап, елде демократияның жеңісі болды,- деп, жеңілісін мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу