Финляндиялық технология Астанаға тәжірибе ретінде енгізілмекші

892

Финляндиялық технология Астанаға тәжірибе ретінде енгізілмекші

Финляндиялық жаңа технология Астанаға тәжірибе ретінде енгізілмекші. Осы бағытта бүгін екі жақты келісімге қол қойылды. Соған сәйкес, фин елінен келген 11 компания мен 20 сарапшы Астананың жылу жүйесін зерттеп жатыр. Өйткені аталған мемлекетте жылуды бір орталықтан басқарады. Ал кететін шығын аз. Яғни, финдердің жүйесі сонысымен ерекше. Форумға келген мамандар Оулу қаласының жетістігімен де бөлісті.

Айта кетсек, Солтүстік Скандинавияның астанасы саналатын Оулу қаласы 80-ші жылдары жаңа технологияларды дамытуды бастап кетті. Бүгінде әлемдегі 3 миллиардтан астам адам Оулуда жасалған мобильдік технологияларды тұтынады. "Финляндияның энергетикалық күніне" келген сарапшылар ЭКСПО алаңын көрмеден кейін қалай тиімді пайдалану туралы да өз ойларымен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу