Хельсинкиде 94 жасқа қараған шағында Финляндияның бұрынғы президенті Мауно Койвисто өмірден өтті. Бұл туралы қазіргі фин президенті Саули Ниинистёнің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Коммерсантъ".
Мауно Койвисто 1982-1994 жылдар аралығында, 12 жыл бойы мемлекет басқарды. Ол оған дейін премьер-министр, қаржы министрі және Финляндия банкінің басшысы болған.
Қазіргі президенттің айтуынша, Мауно Койвисто соғыстан кейін елді қалпына келтіруге күш салған тұтас бір ұрпақтың бет түзейтін тұлғасына айналды.
"Мауно Койвисто президент тағында отырған кезінде елдің ішкі және сыртқы саясатында із қалдырды. Ол нағыз демократ және парламентаризмнің жақтаушысы, сондай-ақ дарынды әрі құрметке лайық әңгімеші еді", – деп жазды Саули Ниинистё.