Финляндияның ірі бизнес өкілдерімен экономикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқынды

1365

Финляндияның ірі бизнес өкілдерімен экономикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияға ресми сапары барысында өндірісшілер конфедерациясы, финдік экспортқа ықпалдастық, технология мен инновацияны қаржыландыру жөніндегі өкілдермен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесу барысында екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыға салынды. Н. Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "қазақстандық даму жолының" ерекшеліктері турасында баяндады. Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдар ішінде ЖІӨ доллармен есептегенде 20 есе, орташа жалақы – 17 есе артып, 2 млн жұмыс орны ашылды. Н.Нығматулин финдік компанияларды 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын бірлесе жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту саласындағы мүмкіндіктерді айтты, деп жазды Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі.

"Қазақстанда басым бағыттарда жұмыс істейтін инвесторлар үшін ұжымдық табыс салығынан, 10 жыл мерзімге жер салығынан, 8 жылға мүліктік салықтардан босату сынды артықшылықтар қарастырылған. Сонымен бірге, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін инвесторларға күрделі шығындардың 30 пайызы қайтарылады. Өткен жылы әлемнің 35 елі бойынша инвесторлар үшін визасыз режимнің тізімі кеңейтілді. Келер жылға дейін ол тізімде 54 ел болады. Олардың қатарында Финляндияның да бар екені түсінікті", – деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Қазақстан "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне финдік әріптестерінің қатысуын асыға күтеді. Себебі, Финляндия – Солтүстік Еуропа елдерінің қатарында Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Бұл мемлекет инвестиция көлемі бойынша солтүстік еуропалық елдер арасында екінші орында.  Қазақстанда энергетика, телекоммуникация, көлік, кен орны, ауылшаруашылығы, сауда сынды басқа да салалар бойынша 70-ке таяу финляндиялық компания жұмыс істейді.+

Айта кетейік, Қазақстан – Финляндияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және экономикалық әріптесі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу