Finnair компаниясы әуе бағытын жаңартады

947

Finnair компаниясы әуе бағытын жаңартады

Finnair әуе компаниясы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арқылы әуе бағытын қайта жаңартады, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. 

Ұшу бағыттары биылғы жылғы шілдеден қыркүйек айына дейін аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері ыңғайлы Airbus 319 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Ұшу уақыты - 4 сағат.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы жазғы айларда Finnair әуе компаниясы 3 мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетті.  

Аталған бағытты қайта жаңарту қазақстандық жолаушыларға Санта Клаустың отанын көруге, әрі олардың жайлы әуе кемесімен Хельсинки –Вантаа әуежайы арқылы Еуропаның 70 тен аса және Азияның 19 қаласына саяхат жасауға мүмкіндік берсе, финляндиядық саяхатшылар еліміздің көрікті жерлерін аралайтын болады.

Айта кетсек, Finnair – Финляндиядағы ұлттық әуе тасымалдаушы, әрі елдегі ең ірі әуе компаниясы. Оның орналасқан жері Хельсинки-Вантаа әуежайы. Oneworld альянсының құрамында. Компанияның негізгі акционері Финляндия үкіметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу